Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада ІІІ Астана интернет форумы өтті

AstanaTV
04.12.2015ж. 20:00
1466
Елордада ІІІ Астана интернет форумы өтті

Бүгін Елордада ІІІ Астана интернет форумы бастау алды. Еліміздің танымал блогерлерінің басын қосқан іс-шара осымен үшінші жыл қатарынан «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізіліп отыр.

Биылғы форум тақырыбы отандық ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, ақпаратты шынайы жеткізу, әлеуметтік желілердегі діни-экстремистік идеологияны насихаттауға тосқауыл қою. Сонымен қатар, ғаламтор желісіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік-саяси және техникалық аспектілері, тағы да басқа көкейтесті мәселелер сөз болды.

Серікқазы Кәкібаланов, Ұлттық интернет қауымдастығының президенті:

Біз мына қоғамдық ұйым ретінде осы мәселені бәрі-бірде биліктің назарына ұсынып, белгілі бір дәрежеде бақылау болғаны дұрыс. Өйткені неге десеңіз? Әсіресе мына интернет қауіпсіздік біздің жастарымызға керек. Моральдық тұрғыда бұзылып кетуіне немесе білімді дұрыс ала алмауына, арандатуларға бармауы үшін, осы ақараттық қауіпсіздік әсер етеді. Оның ішінде интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды.

Биылғы форумның тағы бір ерекшелігі - оның аясында қазақстандық ІТ мамандар жасаған бағдарламалық жасақтамалар, робот техникасы, мобильді қосымшалар және тағы да басқа инновациялық өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Еліміздің кибер кеңістігінің қауіпсіздігі мен қазақ тілді сайттардың дамуы үшін, осындай шараларды өткізіп тұрудың маңызы зор. Форум қатысушылары осы жәйтті айрықша атап өтті.

Берік Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Негізгі мақсаты да - осы қазақ тілді интернет қолданушыларды дамыту, қолдау. Мына қазақ тілінің мәртебесін арттыру. Өздеріңіз білесіздер, интернетсіз қазіргі әлемді жалпы елестету қиын. Сол себепті жастарымызға бағыт-бағдар беріп, дұрыс бағытта оларды бағыттап, солармен жұмыс жасау. Сондықтан осы ұйымдастырылып отырған интернет-форумның маңызы зор десек, артық айтқан емес. 

Берік ХАСЕНОВ