$498.55 €524.28 ₽4.75
×

«Бақыт кілті» емес 45 млрд.доллар

AstanaTV
05.12.2015ж. 20:30
1904
 «Бақыт кілті» емес 45 млрд.доллар

«Интерфакс» агенттінің хабарлауынша, ақш-тағы ең бай 20 адамның дәулеті америкалықтардың 50 пайызының немесе 152 миллион адамның жиған-тергенінен көп. 20 байдың активтерінің көлемі 732 миллиард долларды құрайды. Ал әлемдегі аса дәулетті 400 адамның тізіміне кіретін америкалықтардың дәулеті 2,34 триллион доллар. Бұл есепті шығарған америкалық саяси зерттеулер институтының пайымынша, мұншама алшақтықты дәулетке тікелей салық салу арқылы азайтуға болады. -мысалы, 1 пайыз активке 1 пайыз салық салынса, қазынаға 10 жылда 2,6 трлн доллар түсер еді, ал бұл білім беру мен экологияға кететін бюджет шығындарынан көп- дейді сарапшылар. Алайда нақ сол ақш-тағы дәулеттілер гуманистігімен қайран қалдырады. Жаңа мысал: facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы, миллиардер Марк Цукерберг макс есімді қызының дүниеге келгенін хабарлап, оған арнаған хатын жариялады. Онда әйелі присцилла екеуінің акцияларының 99 пайызын, ол қазіргі уақытта 45 миллиард доллар, қайырымдылыққа жұмсауға уәде берді. «сен бізге өзіңнің қандай әлемде өмір сүретініңді ойлауға әсер еттің. Барлық ата-ана сияқты біз де сен өсетін әлем қазіргі біздікінен жақсы болады деп үміттенеміз». Цукерберг ұзақ мерзімді екі бағытты нұсқайды: адамның бар мүмкіндігін ашу, болашақ ұрпаққа бірдей мүмкіндіктер беру. Сонымен бірге отбасының қайырымдылық жобасын қолға алатынын хабарлады. Басты мақсаты – оқыту-ағарту, аурулардан жазып шығару, адамдардың мықты бірлестіктерін құру. Жаңа айтқан 45 миллиард долларды «бұл ақша адамдардың таланты мен ресурстары жанында көп емес, бірақ басқалармен тізе қосып, қолымыздан келгенді жасағымыз келеді», - деген, Марк Цукерберг.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

Шетелдерде бай адамдар біздікілер сияқты «қомпиып» жүрмейді. Бізде ең үлкен машина міну, әйелдер бағалы тасы үлкен алқа тағу дегенді дәреже көреді... Мысалы, менің білуімше швейцарияда байлар барып жай киім сатып алатын дүкен бар. Елдің көзіне түспеу үшін. Қызғандырмау үшін. Наразы қылмау үшін. Бізде қалай? Үй салса, 4 қабат. Қазір не істерін білмей жүр.  Балабақшаға беріңдер деп сұрап жатыр. Сатайын десе оны ешкім алмады, қазір. Машина ең үлкен болу керек, танкі сияқты машина жасаса, қазақтың жігіттері соны алар еді. Ал еуропадағы машина. Машина деген не, адамның жүруі үшін ғой. Олар мінетін көлік те кішкентай... Еш адамға.  

Байлық та, мансап  та бақыт әкелген жоқ. Дүние жүзінің кемеңгерлері мен философтары солай деген. Тапқан табысыңды елге алып келіп, солардың ризашылығы, рахметін алсаң, сонда ғана бақытты боласың.