$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Конгресс ДАИШ-қа қарсы әскери қимылға рұқсат беруі тиіс - Б. Обама

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
1003
Конгресс ДАИШ-қа қарсы әскери қимылға рұқсат беруі тиіс - Б. Обама

Барак Обама АҚШ Конгресін ДАИШ-қа қарсы әскери қимыл қолдануға рұқсат беруге шақырды. Бұл туралы АҚШ президенті халыққа арнайы жолдау барысында айтқан. Обаманың айтуынша, американдық әскерилер әлем бойынша террористерге қарсы қимылдарын жалғастыра береді. Өйткені бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

ДАИШ-қа қарсы қимылдардың бірі ретінде Ақ үй басшысы терроризмге қатысы бар тұлғаларға қару сатуға тыйым салуға және АҚШ-тың одақтасы Ресеймен ынтымақтастықты қолдануға шақырды. Сонымен қатар, Барак Обама АҚШ-қа қымбатқа түсетін «жердегі арнайы операцияны» бастамау керектігін атап өтті. Бұл жерде Обама Сирия және Ирак әскерилерін лаңкестермен күресуге үйрететін арнайы жасақ туралы айтып отыр. 

Барак Обама, АҚШ президенті:

Конгресстің қазіргі уақытта жүзеге асыра алатын бірқатар істері бар. АҚШ лаңкестерге қарсы іс-қимылдарға араласып жатқандықтан, Конгресс террористерге қарсы шабуылдарды әрі қарай жалғастыруға «рұқсат» беру туралы мәселені мақұлдауы қажет.

Сондай-ақ батыстық басылымдар барлаушыларға  сілтеме жасап, ДАИШ-тың қатары күн сайын лаңкестік топтармен толығып жатқаны туралы жазып жатыр. Бірақ Ақ үй мен Пентагон бұл баяндама туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан. Ал британдық The Times басылымы Ауғанстанның шығысындағы Джелалабад қаласының маңындағы үлкен аумақты экстремистер басып алғаны туралы хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, бұл елде террористік топтардың шоғырлануы ТМД елдеріне қауіп төндіруі ықтимал.