Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресей шекарасында қаңтарылған жүк көліктері тексерістен өтіп жатыр

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
869
Ресей шекарасында қаңтарылған жүк көліктері тексерістен өтіп жатыр

Ресей шекарасында 10 күннен бері қаңтарылып тұрған жүк көліктері тексерістен өтуге кезекке тұрды. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Дана Жүнісова,  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Бүгінгі таңда, «Қазавтотранспорт» қауымдастығының мәліметінше, шекарадағы жағдай өзгерді. Бірақ көліктер кедендік тексеру аумағынан әлі шығарылған жоқ. Тек тексерістен өтуге кезекке тұрғызылды. Бұған дейін жүк көліктері бейтарап аймақта белгісіз жағдайда 10 күн бойы қаңтаралып тұрған.

Еске салайық, Түркиядан Ресей аумағы арқылы Қазақстанға беттеген жүк көліктері 25 қарашадан бері жоғарғы Ларса, яғни Ресей мен Грузия және Троебортное Ресей мен Украина шекарасында тығырыққа тірелді. Федералды кеден қызметі жіпсіз байланған жүк тасымалдаушыларына әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Тек жоғарғы Ларсада 8 көлік, Троебортноеда 1 көлік тексерістен өту үшін, кезекке тұрған. Ал тағы бір кеден бекеті Крупецта жағдай сол қалпы өзгерген жоқ. 4 желтоқсанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресейлік құзырлы органға көліктерді жолынан бөгемеу туралы өтініш хат жолдаған. 2 желтоқсандағы ахуал бойынша, аталған кеден бекеттерінде 74 автокөлік кептеліп тұр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ