Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Энергетика министрлігі Астанаға газ қай кезде келетінін білмейді

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
887
Энергетика министрлігі Астанаға газ қай кезде келетінін білмейді

Астанаға газ қай кезде тартылады деген сұраққа құзырлы ведомство Энергетика министрлігінің жауабы жоқ. Әзірге тек көгілдір отын Қызылорда облысы арқылы келуі мүмкін деген болжам бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, әзірге тек зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал бұған дейін Елордаға газ құбырын Қостанай облысынан тарту жобасы әзірленген еді. Вице-министрдің айтуынша, бұл жоба 2013 жылы даярланып, оның құны 212 млрд теңгені құрады. Қазір оған баламалы жоба қарастырылып жатыр. Ол бағыт «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан тартылуы мүмкін.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

«Қараөзек» компрессорлық стансасынан Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астанаға дейін газ құбырының жобасы бүгінде зерттеліп жатыр. Қашан газ келетіні, бұл жобаның соммасы қанша, қаражат қай көзден бөлінетіні - оған жауабымыз жоқ.

Қазақ газын Украинаға жеткізу мәселесі де шешілмеген. Украианаға біздің газды тасымалдау үшін, Ресейдің рұқсатын алу керек, - деді Мағзұм Мырзағалиев. Ол сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясында 2025 жылы ортақ газ нарығын құру бойынша келісімдердің барын айтып өтті. Баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын біріктіру бойынша жұмыстар жүріп жатқаны да белгілі болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ