Ұлттық
банк базалық пайыздық мөлшерлемені 15 пайыздық деңгейде ұстап тұруға шешім
қабылдады. Бұл елдегі ақша-кредит саясатын тиімді реттеп отыруға мүмкіндік
береді. Бір ай бұрын Ұлттық Банк төрағасы оның деңгейін 17 пайыздан 15-ке
түсіруге болатынын айтқан. Енді бас қаржы реттеуіш плюс, минус 1 пайыз болатын
дәлізбен базалық мөлшерлемені 15 пайыз деңгейіне түсіріп отыр. Бұл туралы
Данияр Ақышев мәлімдеді. Болашақта баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге жол ашады
деген сенім бар, - дейді бас банкир. Оның
айтуынша, мамырда инфляциялық болжамдардың іс жүзінде өзгермегені байқалған.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім
11 шілдеде жарияланады.
Данияр
Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:
Тәуекелдердің
төмендеуін, инфляция мен қаржылық тұрақтылықты ескере отырып, базалық мөлшерлеме
төмендеуі мүмкін. Оның жылдамдығы экономиканың сыртқы күйзелістерге қайтарған
жауабына және жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатынан түскен кері байланысқа
тәуелді болады. Негізгі назар бір жылға және одан артық мерзімге болжанатын
инфляцияға, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құнына, банк салымшыларының
валюталық артықшылық берулеріне аударылды.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ