Керекуде,
халықтың жоғары сұранысына ие бөлке нан қымбаттады. Жергілікті «Павлодар нан-тоқаш комбинаты»
өнім бағасын 72 теңгеден 75 теңгеге көтерген. Бөлшек саудада нан 80 теңгеден
сатылуда. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдерінің айтуынша, комбинатта
бірінші сұрыпты ұн бағасы 6 теңгеге өскен. Бұл өз кезегінде нан бағасына әсер
еткен.
Айта кетейік, Павлодарда нанды 50 теңгеден сататын сауда орындары да
бар. Демек тұрғындар таңдау жасай алады. Қалада нан пісіретін 20 орын бар.
Жергілікті билік олардағы нан бағасын үнемі бақылауда ұстап отырғанын
айтты.
Руслан
Тілеулесов, Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
басшысының орынбасары:
Қалада
жұмыс тобы құрылды. Павлодардың сауда орталықтарындағы нан бағасын күн сайын бақылап
отырмыз. Бүгінгі таңда Тау наны және басқа да сол сияқты 500 граммдық бөлкенің
құны 50 теңге мен 80 теңгенің аралығында.