Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстаннан заңсыз жанармай тасыған қырғызстандық кәсіпкерлер ұсталдыі

AstanaTV
08.12.2015ж. 20:00
1411
Қазақстаннан заңсыз жанармай тасыған қырғызстандық кәсіпкерлер ұсталдыі

Қырғызстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақты айналып өтіп, Қазақстаннан дизельдік отын тасып келген. Бұл туралы «Астана» телеарнасына көрші елдің экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметі хабарлады.

Ведомство баспасөз хатшысының сөзінше, қылмыстық желі бір тиын салық төлемей, тез байымақ болған. Бұл ұсталғандар соңғы он күнде қолға түскен үшінші қылмыстық топ көрінеді. Олар бас-аяғы 100 тонна дизельді отынды шекарадан заңсыз өткізіп алуды жоспарлаған. Сауда барысында өрт қауіпсіздігі де өрсекел бұзылған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мемлекет шығыны есептелуде.

Шакир Мусаров, экономикалық қылмыстармен күрес Қырғызстан мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы:

Жүк көліктері Қазақстанға бос кіріп, шекарадан аузы-мұрны толық күйінде шығып келген. Осылайша күніне бірнеше рейс. Олар салық төлемей, заңды өрескел бұзып, жанармай сатып келген. Токмокта 8 тонна, Чалдавар ауданында 70 тонна, Бішкекте 27 тонна тәркіленді. Бір кәсіпкер ұсталды. Оған қылмыстық кодекстің 180 бабы, «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу» айыбы тағылды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ