$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда 7 оқушы белгісіз диагнозбен инфекциялық ауруханаға түсті

AstanaTV
08.12.2015ж. 20:00
1372
Қарағандыда 7 оқушы белгісіз диагнозбен инфекциялық ауруханаға түсті

Қарағандыда 7 оқушы белгісіз диагнозбен инфекциялық ауруханаға түсті. Олар қаладағы психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері.

11-12 жастағы жеткіншектер жүректері айнып, іштері ауыратындарын айтып шағымданғанмен, ақ халаттылар науқастардың қандай дертке шалдыққанын әзірге анықтай алмай отыр. Облыстық инфекциялық ауруханаға түскен балалардың екеуі үйлеріне қайтарылған. Қалған бесеуі дәрігерлердің бақылауында. Қазір санитарлық эпидемия мамандары мектептің асханасын тексеруді бастаған. Бірнеше сынама алынып, арнайы зертханаға жіберілген. Ол үш күннен соң дайын болмақ.

Зүлфикар Әбілқасымов, Қарағанды облысы инфекциялық ауруханасының бас дәрігері:

Балалардың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Іштерінің әлі де ауыратындарын айтады. Бірақ жедел ішек инфекциясы, не астан улану деп кесіп айта алмаймыз. Қандай ауру екені бактериологиялық зерттеулер нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.

Айжан ҚУАШ