$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Оралда оқушылардың жаппай улануына жол бергендер жұмыстан қуылды

AstanaTV
08.12.2015ж. 20:00
2526
Оралда оқушылардың жаппай улануына жол бергендер жұмыстан қуылды

Оралда 100-ден астам мектеп оқушысының улануына жол бергендер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов айтты. Дегенмен, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Қайрат Әбуов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Бұл жұмыстар кімнің қателік жібергенін анықтап бермек. Қазір мектеп директоры қызметінен уақытша аластатылды. Ал мектеп асханасындағы 15 қызметкер жұмысынан қуылды.

Айта кетелік, қазанның 30 күні Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық №11 мектеп-интернатта 129 бала астан ұшынып, дәрігерлер «дизентерия» деген диагноз қойған болатын. Прокуратура дерегінше, асхана қызметкерлері жеке басының тазалық талаптарын сақтамаған. Сондай-ақ, мектеп басшылығы да сапасы күмәнді тағам өнімдерін сатып алған. Тағам сақталатын қойма да талапқа сай болмай шыққан. Кейін осы мектеп асханасының 22 қызметкері де ауруханаға түсті. Олардан да осы аурудың белгілері табылған еді.

Еркін КАРИН