Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Керекудегі тұрғын үйдің ауласында түлкі пайда болды

AstanaTV
08.12.2015ж. 20:00
883
Керекудегі тұрғын үйдің ауласында түлкі пайда болды

Керекудегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында түлкі пайда болды. Жыртқыштың адамдарға жақындауын ветеринарлар жақсылыққа жорымайды. Айтуларынша, хайуанның мұндай оқыс мінез көрсетуіне құтырма ауруы түрткі болуы мүмкін. Бүгінде мамандар аңды соңғы рет көрген жерді бақылауға алды.

Әлеуметтік желілердің біріне жүктелген бұл түсірілім осыдан екі күн бұрын жазылған. Бейнеде қызыл түлкі паналаған жерінен шығып, маңайды тіміскілеп жүр. Ветеринарлардың пікірінше, бұл жерге ол азық іздеп келген болуы да мүмкін. Өйткені хайуанның адамдардан қорықпауы - сирек кездесетін құбылыс. Айта кетері, мұндай оқиға Павлодар қаласында алғаш рет тіркеліп отыр.

Серікбай Құрымбаев, Павлодар қалалық ветеринариялық станциясының директоры:

Ол құтыру ауруымен ауырса, олар да солай есі шығып, ауыл ішіне кіріп кетуі мүмкін. Оны біздің кісілер пневматикалық қаруларымен атып алады, ұйықтатады да, сосын ары қарай лабораторияға жібереміз. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ