$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мемлекет басшысы елдің мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

AstanaTV
09.12.2015ж. 20:00
745
Мемлекет басшысы елдің мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысы елдегі мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оның барысында әлемдегі көмірсутек бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы Қазақстанның энергетикалық саясаты сөз болды, - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Жиынға мұнай саласына жауапты ведомство өкілдерінен бөлек, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин қатысты. Кеңесте қыс кезінде елдің оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету мен энергия көздері тасымалы инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері сөз болды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ