Бас прокуратура мемлекеттік
әлеуметтік мекемелерде асханаларды жалға берудің заңдылықтарын тексеруі керек.
Бұл туралы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов
мәлім етті. Бүгінде жалға беру ақысы 9 есеге артқан. Айтуларынша, Ұлттық экономика министрлігінің коммуналдық мекемелерді жалға беру тәртібіне
өзгеріс енгізген. Кәсіпкерлерді тығырыққа тіреген осы. Олар министрлік Ұлттық
кәсіпкерлер палатасымен міндетті сараптама жұмыстарын жүргізбеді деп отыр.
Кесірінен кәсіпкерлер банкротқа ұшырауы мүмкін, - дейді Ғани Қасымов.
Ғани Қасымов, «Атамекен» ҚР
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес
төрағасы:
Біз сіздерден сұрарымыз, Бас
прокуратура Атамекенмен бірге ортақ резолюция қабылдап, мемлекеттік мекемелерді
жалға беру ережелері қаншалықты заңға сәйкестігін тексереміз. Әсіресе 2015
жылдың наурыз айының 17-сі Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен қабылданған
ережелерді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
мәліметінше, жалға беру төлеміне өзгеріс енгізгеннен кейін тек Алматының өзінде
оқу орындары мен әскери бөлімдердегі асханаларды жалға алатын кәсіпкерлердің
төлемі 20 есеге артқан. Мысалы, өткен жылдары жалға алушылар жылына 200-300 мың
теңге төлесе, енді жылына 3-5 миллион теңгеден төлеуі керек. Жиында бұл
жайттарды естіген Бас прокурордың орынбасары арнайы тексеріс ұйымдастыратын
айтты.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Кәсіпкерлердің мәлім еткен
фактілері бойынша тексерістер жүргізу керек. Қазіргі кезде кәсіпкерлер өте қиын
кедергілерге тап болғанын көріп отырмыз. Олар ертең өз бизнестерін ары қарай
дамыта алмай, жабылып қалулары әбден мүмкін. Ал бұның арты неге апаратыны
белгісіз.
Берік ХАСЕНОВ