$520.93 €609.07 ₽6.68
×

АҚШ-қа визасыз ену енді қиынға соғуы мүмкін

AstanaTV
09.12.2015ж. 20:00
1142
АҚШ-қа визасыз ену енді қиынға соғуы мүмкін

АҚШ парламентінің төменгі палатасы елге визасыз ену шарттарын күшейту туралы заңды мақұлдады. ВВС арнасы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде АҚШ-тың шекарасын визасыз кесіп өтуге құқылы ел азаматтары «виза» рәсімдеуі тиіс.

Бұл әсіресе 2011 жылдың ақпан айынан кейін Иран, Ирак, Судан және Сирия елдеріне барғандарға қатысты. Енді АҚШ-тың шекарасын визасыз кесіп өтуге құқығы бар 38 елдің азаматтары «электронды паспорт» көрсетуі керек. Мұндай ережені қабылдауға Сирия мен Иракта ДАИШ құрамында мыңдаған Европа тұрғындары бар деген ақпарат түрткі болған.

Еске салсам, таяуда лаңкестер құрамында Европаның 5 мың джихадшылары соғысып жүргені айтылған болатын. Жаңа заңға конгресстегі 19 депутат қарсы дауыс беріп, 407-сі бірауыздан мақұлдаған. Бұл АҚШ-тың Париждегі терактіден кейінгі қауіпсіздікке қатысты мақұлданған алғашқы заңы емес. Американдық депутаттардың пікірінше, терактілерді ұйымдастырғандар визасыз АҚШ-қа келуге мүмкіндіктері болған.

Берік ХАСЕНОВ