$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ақтөбеде қаза тапқан әскерилердің бірі туған жері Алматы облысында жерленді

AstanaTV
07.06.2016ж. 20:00
1662
Ақтөбеде қаза тапқан әскерилердің бірі туған жері Алматы облысында жерленді

Ақтөбеде қаза тапқан әскерилердің бірінің денесі туған жері Алматы облысына жеткізіліп, жер қойнына берілді. Қырық жастағы майор Даниэл Майлыбаев 5 маусымда Ақтөбедегі № 66\55 әскери бөлімінде болған атыс кезінде оқ тиіп, қайтыс болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы оқу орнын бітірген әскери маман қорғаныс саласында 20 жыл еңбек еткен. Астанада, Петропавлда еңбек жолынан өтіп, соңғы екі жылда Ақтөбеде жұмыс істеп жүрген еді. Даниэлдің ата-анасының айтуынша, ол маусым айында отбасылық жағдайына байланысты Алматы өңіріне қызмет ауыстыруға қамданып жүрген екен. Марқұмның артында 4 баласы қалды.

Ақарыс Майлыбаев, әкесі:

Соғыс деген нәрсені мен өз көзіммен көрдім. Совет Одағы кезінде арнайы операцияларға қатыстым. Соны естіп өскеннен кейін бе, балаларым да осы жолды таңдады. Екеуі де офицер болды. Топырағың торқа болсын, балам.

Талғар қаласында өткен қоштасу рәсіміне Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық аппараты мен жергілікті билік өкілдері келді. Облыс басшысы марқұмның отбасына материалдық көмек көрсететінін айтты. Яғни Талғар қаласында салынып жатқан 60 пәтерлі үйден күзге қарай 3 бөлмелі пәтер берілетін болды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ