$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ТМД елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірді

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
1956
ТМД елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірді

ТМД елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірді. Бүгін Астанада өткен достастық елдерінің мемлекетаралық кеңесінде ұйым шеңберінде бұрын-соңды болмаған келісім жасалды. Енді ұйымға мүше елдер қаржылық қылмыстар туралы өзара ақпарат алмасады.

Жиында  ТМД-ның жемқорлыққа қарсы күрес органдары өкілдері мемлекетаралық кеңес төрағасы етіп бірауыздан Қайрат Қожамжаровты таңдады. Кездесу барысында қазақстандық мамандар әріптестерімен жемқорлықпен күрестегі тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетерлігі, биыл елімізде анықталған жемқорлық фактілер өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға артып, 3088-ге жетті. Мемлекетке келген шығын 8 млрд теңгені құрайды. Оның тең жартысы қазынаға қайтарылды, - деді Бас прокурор. Жең ұшынан жалғасушылармен күресті күшейтуде өзге де  жаңашылдықтар қолға алынған.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

Қаржылық қадағалау шаралары күшейтілді. Бұған дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың лауазым өкілдері тек табысы жөнінде декларация тапсырса, енді олардың жұмсаған қаржылары туралы да дерек жарияланады. Және бұл жаңалық «А» корпусының әкімшілік және саяси қызметкерлеріне қатысты. Олардың қатарында депутаттар, судьялар және квазимемлекеттік орган субъектілері бар. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ