Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Үш жылдық бюджет жобасы әлі нақты емес

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
1136
Үш жылдық бюджет жобасы әлі нақты емес

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің сын-ескертпелері әбден орынды екенін айтты. Бұдан былай бас қаржыгер бюджеттің әрбір тиынын қатай бақылауға алмақ. Сенат қабырғасында тілшілер сұрағына жауап берген министр өзі басқаратын ведомство тиімді әрі сапалы жұмыс істейді деп сендірді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Үкімет пен Қаржы министрлігіне жасалған сын ескертпелер, әрине, орынды. Бүгінгі жағдайда біз әрбір теңгені, тиынды бақылауымыз керек. Өйткені шығындардың тиімділігін арттыру - басты мақсат. Бәрі де орынды айтылды. Біз өз жұмысымызды мейлінше жақсартуға тырысамыз.

Сондай-ақ, Қаржы министрі 3 жылдық бюджет жобасының әлі де нақты еместігін айтты. 2016-2018 жылдарға арналған құжат бір АҚШ доллары 300 теңге деген есеппен мақұлданғаны белгілі. Министрдің сөзінше, жағдайдың өзгеруі әбден мүмкін. Мұнайдың бір жылдық орташа бағамы 40-60 доллар маңайында құбылып отыр. Осы ретте көрші Ресей бюджетін мұнайдың бағасы барреліне 50 доллар деп есептеген. Ал біз 40 деп алдық. Қысқасы, жағдай өзгерсе, біз де бюджетті қайта қарауға әзірміз, барлығы да доллар мен мұнай бағасына байланысты, деп қосты министр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ