$524.24 €612.94 ₽6.68
×

ДАИШ Анталияда G20 саммиті кезінде теракт ұйымдастырмақ болған

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
1004
ДАИШ Анталияда G20 саммиті кезінде теракт ұйымдастырмақ болған

Анталиядағы G20 саммиті барысында ДАИШ кезекті рет теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Түркияның телеарналары хабар таратты. Теракт туралы ақпарат қазанның оны күні Анкарада болған жарылысты тергеу барысында белгілі болған.

Лаңкестердің жоспары жайлы айғақтар күдіктілердің компьютерінен табылған. Анықталғандай, G20 саммитіне келген басшылар тоқтаған қонақ үйлерде, туристтік кешендер мен түнгі клубтарда жанкештілер өз-өздерін жарып жібермек болған. Осы ақпарат белгілі болғаннан кейін Түркияның арнайы жасақтары арнайы рейдтік тексерулер жүргізіп, бірнеше адамды тұтқындаған. Сонымен қатар, лаңкестердің қарашаның бірі күні Түркиядағы парламенттік сайлау кезінде теракт ұйымдастырмақ болғаны да анықталды. 

Берік ХАСЕНОВ