Шымкенттік
өнерсүйер қауым Мұхтар Әуезовтың "Абай" операсын тамашалады. Опера
және балет театрының ұжымы шоқтығы биік туындыны алғаш рет сахнаға алып шықты.
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі шығармасының тұсаукесері жиналғандарға
тамаша әсер сыйлады.
Грим
бөлмесінде қарбалас. Сахнаға шығуға санаулы минуттар қалды. Театр солисті Ерлан
Жандарбай Абайдың шәкірті - Айдардың партиясын орындайды. Соңғы әзірлігін
пысықтаған ол Айдар бейнесін алып шығу оңай еместігін, аздап толқып тұрғанын
жасырмайды.
Ерлан
Жандарбай, ОҚО опера және балет театрының жүргізуші солисті:
Жеткізе білемін бе халыққа ән арқылы, музыка
арқылы бұл драмадан айырмашылығы, сондықтан операны көп кісілер түсіне
бермейді, өйткені ол музыкамен қосылып айтқандықтан, бұған қоса актерлық шеберлікті
де көрсете білу керек бұл жерде.
«Абай»
операсы алғаш рет 1944 жылы ұлы ақынның 100 жылдығы қарсаңында қойылған.
Шығармада махаббат пен зұлымдық көрініс табады. Айдар мен Ажардың шынайы
сезімі, ескі дала заңы, жақсылық пен жамандық қатар суреттеледі.
Қоюшы-режиссер
Махинур Рахманова шоқтығы биік шығармаға өзіндік жаңашылдықтар енгізген.
Махинұр
Рахманова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Мысалы, Ажарды құлататын, арқанға Айдарды сүйреген жерде бәрі пластикаға. Оның негізі
мынау көрген халыққа кішкене шындық
болсын, сенсін. Шығып тек қана өзінің ариясын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің
ариясын жазылған музыкаға емес, сол
музыкаға әсер беретін қимыл іс-әрекетке
келдік.
Бекзат
өнерді тамашалауға келушілер қарасы көп. Залда ине шаншар орын
болмағандықтан, қосымша орындықтар қойылды. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абайдың
партиясы да көрермен көңілінен шықты.
Бекжан
Әшірәлі:
Керемет
дауыс иелері әшейінде көп естілмей қалып жатады. Мына жерде енді нағыз дауыс
иелерін көріп жатырмыз. Керемет әсердеміз.
Опералық
қойылымның көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаев
арнайы шақыртылған. Үш аптадан бері өнер ұжымымен жұмыс істеген дирижер
Абай операсы жас театр ұжымы үшін үлкен бетбұрыс дейді.
Асқар
Бөрібаев, қоюшы-дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Сегіз
жыл бұрын осы театрдың құрылуына атсалысқан едім. Бүгін ұжымның тәжірибе
жинағанын көрдім. Олармен жұмыс істеу маған қатты ұнады. Көпшілігі кәсіби әнші
болмағанымен, өнерге деген қызығушылығының арқасында жоғары талапты орындай
білді.
Талайды
тамсандырған шығарманы өнер ұжымы
репертуарына алғаш енгізді. Мұхтар Әуезовтің либреттосын жас театр текке
таңдап алған жоқ. Биыл ұлы ақынның туғанына 170 жыл.
«Абай» операсының премьерасы бүгін де қойылды. Жылдар бойы өзектілігі мен
шынайылығын жоймаған шығарманы өнер ұжымы тыңдарман сұрауы бойынша тағы екі күн
қоюды жоспарлап отыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ