$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Лаңкестер Малидегі қонақ үйді басып алды

AstanaTV
20.11.2015ж. 20:00
1576
Лаңкестер Малидегі қонақ үйді басып алды

Жиһадшылар Малидегі Radisson Blu қонақ үйін басып алды. Мұздай қаруланған топ 170 адамды кепілге алған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнда мылтық даусы екі сағат бойы толастамаған. Қонақ үй алдында қауіпсіздік қызметінің жасақтары тізіліп тұр. Өкінішке орай, адам шығыны бар. The Independent үш адам жазым болды деп жазады. Басылымның хабарлауынша, дипломатиялық нөмірі бар көліктермен келген  лаңкестер қонақ үйге баса көктеп кірген. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қонақ үйде тұтқынға алынғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА