Тұрғын
үйлердің 70 пайызы жылуды үнемдеудің техникалық талаптарына сай келмейді. Бұл
жөнінде құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және жер ресурстарын басқару
комитетінің төрағасы мәлімдеді.
Айтуынша, 1 шаршы метрге шаққандағы жылу
энергиясын тұтыну көрсеткіші бізде сағатына 270 кВатт құрайды. Ал Еуропада бұл
көрсеткіш шамамен 100-120 кВатт екен. Яғни ол мемлекеттермен салыстырғанда жылу
тұтыну көлемі бізді екі жарым еседей артық деген сөз. Комитет төрағасыныың айтуынша,
еліміздегі 83 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 27 пайызы күрделі жөндеу
жұмыстарын қажет етеді.
Мархабат
Жайымбетов, ҚР ҰЭМ құрылыс ТҮКШ және жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:
23
мың үйге күрделі жөндеу жасау керек. Ал енді есептеуіш құралдарға келетін
болсақ, 9600-ден аса есептеуіш құралдар қазір орнатылды. Ол 38 пайызды
құрайды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА