Бензинге ациз өспек. Себебі мұнай арзан, кіріс азайды. Ал кіріс азайса, салық көбейеді. Бензин акцизі салықтың бір түрі. Сондықтан.
Сергей Смирнов, экономист:
000010 теориялық тұрғыдан алғанда, бензиндегі акциздің құнын есептегенде, 4-5 теңгеге қымбаттауы керек. Бірақ одан артық емес. Алайда дәл солай деп те айта алмаймын. Себебі бензин бағасындағы 60 пайызды шикі мұнай құрайды. Ал мұнайдың бағасы екі еседен де көп түсіп кетті. Бірақ бензин бағасы керісінше, қымбаттап барады. Қыркүйекте литрі 108 теңге болса, қазір жанар май бекеттерінің бірінде 126, енді бірінде 128, ал «Қазмұнайгаздың» станцияларында 130 теңге. Сондықтан нақты «мыншаға қымбаттайды» деп сеніммен айта алмаймын.
Смирновтың нақты айта алмайтыны – бағалар логикаға қайшы болғасын. Негізі арифметика қиын емес: бензин бағасындағы 60 пайызды шикі мұнай құрайды, ал шикі мұнайдың бағасы күрт төмендеп жатыр, онда бензин бағасы да төмендеуі керек. Бірақ еліміздегі бензиннің бағасы өсіп кетті. Осындай есепке сыймайтын «есеп» болғасын, әрине, күмілжиді.
Сөйтіп «есеп құрастырушы» үкімет осы айдан бастап давальдық шикізаттан алынатын бензиннің барлық түріне акциз салығын өсіруді жоспарлап отыр. Давальдық шикізат дегеніміз – дайын өнім шығару үшін өңдеуге берілетін бірақ міндетті түрде шикізат өндірушіге немесе шикізат көзі орналасқан мемлекетке қайтарылатын шикізат. Экономист – зауыттардан бензин қандай бағамен жіберіледі, мәселе сонда- деді. Көтерме бағаны айтады.
Сергей Смирнов, экономист:
Мысалы, «Қазмұнайгаз» зауытқа шикізат жеткізсе, өңделген
өнім «Қазмұнайгаздікі». Ал оның көтерме бағасы қандай, ешкім білмейді. Ешкім
айтпайды. Оны ірі бөлшек саудамен айналысатын компаниялар ғана білетін шығар.
Бензин қожайындарының айтпайтындарын түсінесің – себебі олар маржасын «тығып
жібереді». Жақында Школьник пе, бір лауазым иесі көтерме саудамен
айналысатындар «1-ақ пайыз маржа алады» деді. Мен оған сенбеймін. Себебі
Ресейде олар 17 пайыздан аса пайда көреді. Мен біздікілер орыстардан аз пайда
көреді дегенге иланбаймын. Менің ойымша, көтерме бағаны реттеу керек еді. Себебі
билік 3000- нан аса жанар-жағар май құю бекеттерін реттеп келді, ал 3 мұнай
өңдеу зауытының көтерме бағасын реттей алмайды... Энегетика министрлігі жазда
айтты – 3 зауытты реттей алмаймыз, өйткені тауардың өзіндік құны әр зауытта әр
түрлі- деп. Сонда 3000 бекетті қалай реттеп келген?..