$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі бірыңғай Ережесі әзірленді

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
1130
Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі бірыңғай Ережесі әзірленді

«Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі бірыңғай Ережесін әзірледі. Партия Төрағасы Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың айтуынша, Ереже заң жобаларын жан-жақты талқылауда партия құрылымдары мен филиалдарын кеңінен тартуға мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде заң шығару мәдениетін жетілдіруге, филиал қызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыруға септігін тигізбек.

Бұдан былай  партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдары заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныс білдіру жұмыстарына белсене қатыса алады. Ұсыныстар екі бағытта, атап айтқанда, Парламент Мәжілісіне келіп түскен заңнама жобалары және қолданыстағы заңнамаларға түзетулер мен өзгертулер енгізу бағытында жинақталмақ. Ол ұсыныстар тиісті келісімдер алған соң, одан әрі Мәжілістегі жұмысшы топтардың қарауына ұсынылады. Осы тәртіп арқылы партия заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстарын жүйелемек. 

Берік ХАСЕНОВ