Бүгін Ресейдің әскери ұшағы Түркия әуе күштері тарапынан атып түсірілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, апатты оқиға Түркия мен Сирияның шекаралас аумағында болған. Қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты Түркия үкіметі жан жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Осы елдегі тілшіміз Самат Сүлей жалғастырады.
Самат Сүлей, тілші:
Ресейдің Су -24 әскери ұшағы жергілікті уақытпен таңғы сағат 9-дан 20 минут өткенде Түркияның Хатай провициясына жақын маңда атып түсірілген. Түркия Қорғаныс министрлінің ресми мәлімдесі бойынша, түріктің Қарулы күштері тарапынан 5 минутта 10 рет ескерту жасалған. Алайда, әуе кеңістігін кесіп өтті деген олар Ресейдің ұшағына F-16 әскери ұрыс ұшағы қарсылық көрсеткен. Бірақ Түркия билігі оқиғаның анық-қанығын айтпай отыр. Ешбір шенеунік бұған қатысты мәлімдеме жасады.
Алты мың метр биіктікте апатқа ұшыраған ұшақтағы ұшқыштарға қатысты әзірге нақты ақпарат жоқ. Дегенмен, олардың оқиға кезінде парашютпен секіріп түскені видеоға түсірілген. Анадолы ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сарапымен Анкараға келуі тиіс болған. Алайда, жоспарлаған сапары кейінге шегерілген.
Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы террористерге қарсы әуе шабуылын бастаған Ресей үкіметіне Түркияның Қорғаныс министрлігі тарапынан бұған дейін ескерту жасалған болатын. Яғни Ресми Анкараның мәлімдемесінде операция барысында Түркияның әуе кеңістігін кесіп өткен кез келген әскери ұшаққа оқ атуға әзірміз делінген еді. Әзірге бізде бар ақпарат осы.
Самат СҮЛЕЙ