$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Ипотекалық борышкерлердің көбі жеңілдетілген тізімнен үмітті

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
2043
Ипотекалық борышкерлердің көбі жеңілдетілген тізімнен үмітті

2004-2009-шы жылдары доллармен ипотека алғандардың барлығының қарызын қайта қаржыландыру қажет. Екінші деңгейлі банктің топ-менеджерлері осындай ұсыныс жасап отыр. Қаржы инситуты мамандарының пікірінше, мемлекет қазынасынан бөлінген 130 млрд теңгенің игілігін көптеген тұтынушылар көре алмай отыр. Себебі Ұлттық банктің қойып отырған талаптары қатал. Бас қаржы институты банктердің ұсынысын ескере ме? Тілшіміз анықтауға тырысты. 

Күләй Жаңабаева 8 жылдан бері қарыздың шырғалаңынан шыға алмай жүр. 2007 жылы Алматының орталығынан үш бөлмелі пәтерді 500 мың долларға сатып алған. Банктің пайызын қосқанда 1 миллион берешек долларға жетеді. Қазіргі қарызы 700 мың доллардан асады. Зейнеткердің қызы кәсіпкер болғандықтан, қарызды өтейтіндеріне сенімді болыпты.

Осы үйді алуға біз де көмектестік. Сондықтан артынан кризис басталып кетті де, ол төлей алмай қалды. Жұмыс болмай қалды. Сол үйде тұрып жатырмыз. Бірақ әрмен қарай төлеп жатырмыз. Төлемеймін демеймін. Пенсиямның жартысын берсек те, өтейміз. Бірақ соған жағдай жасаса әлі де.

Бірақ бұл отбасы осы көктемде Үкімет қабылдаған қайта қаржыландыру бағдарламасына ілікпей отыр. Елбасы ипотекалық несие алғандардың жүгін жеңілдетуге ұлттық қордан 130 млрд теңге бөлуді тапсырды. Алайда Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасына тек 2004-2009 жылдары ипотека алғандар кіреді. Ал оның банкке берешегі 200 мың АҚШ долларынан аспауы тиіс.

Меруерт Махмұтова, экономист-сарапшы:

Бұл азаматтар қаржысын кейбір 6 жыл, арысы 10 жыл төлеп жатса да, шегерілер емес. Әр девальвациядан соң қаржылары одан ары қымбаттай береді. Себебі табысты теңгемен аламыз. Ал оны доллармен санаса, жылдан жылға қымбаттап барады. Сондықтан ол азаматтардың оны төлеймін деген үміті төмен. 

Ұлттық Банк өкілдері біздің сауал хатымызға аталған мемлекеттік бағдарламаға қатысты ұсыныстардың Үкімет деңгейінде қарастырылатынын айтып отыр.

Александр Терентьев, ҚР ҰБ Қаржы қызметтерін пайдаланушылар құқығын қорғау департаментінің директоры:

Ипотекалық несиені 2004-2009 жылдары шетелдік валютамен алған азаматтарды қамтитын мемлекеттік бағдарлама бойынша, борышкерлерден 12 мың өтініш келіп түскен. Оның ішінде қайта қаржыландыруға байланысты 7 мың адамның ипотекалық қарыздары қайта қаржыландыруға жіберілді. Бұл борышкерлердің қарызын жеңілдетуге барлығы 40,3 млрд  теңге бағытталды.

Ұлттық банк бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктерде өтініш  қабылдау жалғасып жатқанын айтады. Олардың саны күн санап өсіп жатыр. Қарызын қайтара алмай қалғандарға қоғамдық ұйымдарға да шыққан. «Кәусар Бұлақ» бірлестігіне 10 мың адам хабарласып, кеңіс алған. 

Ұлданай Қамбарова, «Кәусар бұлақ» әлеуметтік көмек көрсету бірлестігінің төрайымы:

Прокуратураларға, банктерге, Ұлттық банкке кездесулерге барамыз. Ары қарай тоқтата тұршы, айналайын деп. Сен қанша төлей аласың, 5 мың, 10 мың. Кімнің қандай жағдайы бар деп. Төлемейміз деп жатқан жоқ ешкім. Төлеген соммасы негізгі қарызынан шегерілсін дейміз.

Екінші деңгейлі банктердің қайта қаржыландыру шарттарын жеңілдету туралы ұсынысы қазір Ұлттық банктің жанындағы арнайы жұмыс тобының қарауында.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Ұлттық банктің дерегінше, Қазақстанда ипотекалық несие алған азаматтардың 15%-ы оны төлеуге мүлдем қабілетсіз. Елімізде 200 мыңға жуық адамның мойнында ипотекалық несие бар. Олардың 30 мыңға жуығының алған қарызын төлеуге қауқары жетпейді, дейді қаржыгерлер. Ипотека иелері көктемнен бері игеріліп жатқан 130 млрд теңге қазына қаржысы соған мұқтаж жандарға ғана бөлінсе деп тілейді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ