$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Н.Радостовец: Тау-кен металлургия секторында жұмыс орындары қысқартылмайды

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
Н.Радостовец: Тау-кен металлургия секторында жұмыс орындары қысқартылмайды

Тау-кен саласында жұмыс орындары қысқартылмайды. Қазақстандағы кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец осылай деп сендірді. Айтуынша, дағдарысқа қарамастан, металлургтар өз орындарын сақтап қалады. Аталмыш сектор компаниялары бұл үшін алдын ала қамданыпты.

Николай Радостовец, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

Бұл секторда жұмыс орындарын қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Баға құлдырайтын болса, компанияларда дағдарысқа қарсы шаралары бар. Тау-кен саласының мамандары мен металлургтар өз орындарында қалады. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА