Алматыда Халық қаһарманы Талғат Бигелдиновке арналып мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу рәсіміне қала әкімі, әскери
мамандар мен батырдың туған-туыстары қатысты. Ескерткіш тақта екі мәрте Кеңес
Одағының батыры өмірінің соңғы 20 жылында тұрған көп қабатты үйдің қабырғасына
орнатылды.
Шараның нақты бүгінге белгіленуі де бекер емес. Даңқты батыр
тура бір жыл бұрын осы күні 92 жасқа қараған шағында өмірден өткен болатын. Аты
аңызға айналған ұшқыш небәрі 19 жасында ерлік жасап, Кеңес Одағының батыры
атағына ұсынылған. Талғат Бигелдинов екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағына
ұсынылған жалғыз қазақ. Майдан даласында 300 рет әскери шабуылға қатысып, ел
шебін қорғауда ерен ерліктерімен ел есінде мәңгілікке қалды.
Тоқтар
Әубәкіров, Халық қаһарманы:
Бір
жыл болды ұмытылған жоқ. Мен ойлаймын, ары қарай да мәңгілікке бұл кісінің есімі
ұмытылмайды. Ол өз есімін анау 45-ші жылы мәңгілікке өз есімін жазып кетті. Қазақстанның беделін биікке көтеріп тастаған. Қазақ халқы деген ұлтпен
таныстырды.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ