Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мемлекет пен қоғам арасында жемқорлыққа қарсы ашық келісім қолданысқа енеді

AstanaTV
11.11.2015ж. 20:00
1028
Мемлекет пен қоғам арасында жемқорлыққа қарсы ашық келісім қолданысқа енеді

Бұдан былай мемлекетпен бірге жемқорлықпен күрескісі келетіндерге жаңа мүмкіндік ашылмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алғаш рет азаматтық қоғам институттарын тарту үшін «Ашық келісім» жобасын әзірледі. Мақсат - қоғам арасында белең алған кеселмен жұмыла күресу.

Келісімге қосылу рәсімі оңай. Бұл үшін агенттік немесе оның аумақтық бөлімшелеріне қол қойылған қосылу туралы актіні жолдау жеткілікті. Айта өтейік, бүгінгі таңда келісімге республикалық ірі ұйымдар қосылуға ниет білідіріп үлгерген.

Әли Көмекбаев, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықтың алдын алу департаментінің басшысы:

Агенттігіміз былтырғы жылдың тамызында құрылған. Бізге жаңа міндеттер жүктелді. Ашық келісім - осы жұмыстың жемісі. Барлық Қазақстан азаматтарын, заңды тұлғаларды бірлестікке шақырамыз. Алдағы екі айда заңды тұлғалармен нақты жұмыс жоспарын бекітеміз. Ал жеке азаматтарды айқындалатын нормаларды қатаң сақтануға үндейміз. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА