Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес - Ұлттық банк

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
4068
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес - Ұлттық банк

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес. «Астана» арнасы жолдаған сауалға еліміздің Ұлттық банкі былай деп ресми жауап қатты. 

«Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес».

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ