Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қ.Айтханов: Шетелдік банктардан 40 миллион қарыз алу қаншалықты керек?

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
1066
Қ.Айтханов: Шетелдік банктардан 40 миллион қарыз алу қаншалықты керек?

Доллардың қымбаттауы Қазақстанның сыртқы қарызын 20 пайызға еселей түсті. Осылайша үкіметтің қарызы 7 триллионнан асып жығылды. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасын қараған сенаторлар осыған алаңдаушылық білдірді. Оған қоса кәсіпкерлердің оқуына 40 миллион долларды Даму банкінен қарызға алу қисынсыз деп ашынды.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Министрліктің болжауы бойынша, бұл несиелер негізінен консультациялар мен жаттықтырушы шеберлерді даярлау үшін тренингтерге, семинарлармен оқуларға, солардың әртүрлі жолсапар шығындары мен тамақтандыруларына жұмсалады екен. Бұл мұншалықты көлемде 40 миллион АҚШ доллар көлемінде, ол 12 миллиард теңге деген сөз бүгінгі таңда. Біз 1 миллиард теңге таба алмай отырмыз, мысалы. Әр теңгені есептеп отырмыз. Осындай кезеңде осындай қаржыны жұмсау артық емес па?

Айтаханов ақшаны үнемдеуге шақырғанмен, құжат бірауыздан мақұлданып кетті. Осы заң жобасын таныстыра келген Ұлттық экономика министрі үшжылдық бюджеттің әлі қандай бағаммен бекітілетінін айтпады. Ал бұған қатысты дүрбелеңді журналистер тудырды деп айыптады.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Панику, я думаю, создаете вы, которые говорите относительно того, что мы считаем и так далее. Мы сказали, когда расчеты закончатся. Обсуждения с Национальным банком идут. Процесс будет публичный, прозрачный, как обычно. Доложимся. 

Берік ХАСЕНОВ