Павлодарда
3 ай бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы тәрбиеші өлі күйінде табылды. Сақшылардың
айтуынша, Ольга Чупразованы ажал құштырған бұрынғы күйеуі мен оның досы. Полицейлерге марқұмның денесі көмілген жерді
осы екі күдікті көрсетіп, қылмысты мойындаған.
Қаскөйлер 16 тамыз күні қаладағы
театрдың маңынан әйелді әй-шәйға қарамастан ұрлап әкетіп, көлік ішінде сыммен
буындырып өлтірген. Содан соң марқұмды өндірістік кәсіпорындардың бірінің
аумағына көміп тастаған. Қазір әйелдің денесі сараптамаға жіберілді. Қылмыстық
іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ольга Чупразованың артында екі баласы жетім
қалды.
Баян
Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Жоғалар
алдында 3 күн бұрын сотпен ажырасқан және басқа кісіге тұрмысқа шығам деп
жоспарлап жүрген. Қылмысқа итермелеген әйелі мен жұбайының арасындағы қызғаныш.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ