Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қарағандыдағы «Гефест» компаниясының бірнеше көмір кәсіпорны жабылудың аз-ақ алдында тұр

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
1110
Қарағандыдағы «Гефест» компаниясының бірнеше көмір кәсіпорны жабылудың аз-ақ алдында тұр

Қарағандыдағы «Гефест» компанияның бірнеше көмір кәсіпорны жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы бүгін жергілікті әкімдікте өткен жиында белгілі болды. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен тапсырыстардың азаюы шахталарды тығырыққа тіреген. Салдарынан мыңдаған кенші жұмыссыз қалуы мүмкін. Қала басшылығы оларға бос жұмыс орындарын қарастырып жатыр. Алайда, ол оңайға соқпай тұр, - деді жиында қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Нұрлан Әубәкіров, Қарағанды қаласының әкімі:

Бізге көмек боларлық үлкен кәсіпорындар, жобалар қажет-ақ. Тоқырайын деп тұрған Гефесттің 2 жарым мың адамының тек 400-і ғана «Цилициум Қазақстанға» жұмысқа орналастырылды. Барлығына орын жоқ. Шағын бизнестің ондайға шамасы жетпейді.

«Гефест» компаниясының шахталары дағдарысқа ұшырағалы бір жылдан асты. Алғашында кеншілер жартылай жұмыс күніне көшірілсе, кейін қысқартылды. Қала басшылығы талай талқылағанмен, әзірге мәселені толық шеше алмай отыр. Алдағы үш жылдықта кеншілер шаһарының бюджеті 10 пайызға азаяды. Қалада биыл 137 әлеуметтік жоба жоспарланса, ол қайта қаралып, 106-сы ғана бекітілген. Оның жартысы ғана толық іске қосылды. Дәлірек, бірнеше тұрғын үй салынып, су, кәріз құбырлары ауыстырылды. Алайда, бірқатар балабақша, аурухана, жалдамалы үй құрылыстары тоқтатылған. Олардың жалпы саны 11. Дегенмен жаңа мейрамхана, сауда және қонақүйлер салынып жатқан көрінеді. Қала басшылығы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске асырылуы тиіс жобалар ғана қысқартылмайтынын айтты. 

Айжан ҚУАШ