$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тараздағы терактіге төрт жыл толды

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
2272
Тараздағы терактіге төрт жыл толды

Бүгін Тараз тұрғындары Халық қаһарманы - Ғазиз Байтасовты еске алды. Тараздағы террорлық әрекетті тоқтатқан тәртіп сақшысы осыдан тура 4 жыл бұрын ерлікпен қаза тапқан болатын. Көзі тірі болғанда, бүгін 44 жасқа да толар еді. Полицейдің ерлігін еске алған қала халқы Байтасовтың тас тұғыры тұрғызылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр рухына бас иді.

Еске салайық, 2011 жылдың 12 қарашасында Таразда теракт болып, қанды қол қарақшы қолынан жеті бірдей адам ажал құшқан еді. Денесіне бомба байлаған жанкесші - Мақсат Қариев - бір күн бойы бейбіт елді дүрліктірген болатын. Ел ішінде еркін жүріп, ойына келгенін істеген ол екі бейбіт тұрғын мен бес бірдей құқық қорғау қызметкерін де жер жастандырды. Ақыры соңында, азулы қылмыскермен айқасқа түскен капитан жарылыс жасамақ болған жанкештімен бірге жарылып кеткен болатын.

Гүлжамал Тәжиева, Ғ. Байтасовтың жары:

12 қараша біздің отбасымызға, ұлдарына, маған өмірлік жүрегімізге жара  боп қалды. Қайғыны бөліссең, азаяды, дейді ғой елі, халқы Ғазиздың батырлығына тағзым етіп, ерлігін бағалап, осындай еске алу кештерін өткізіп тұрады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ