Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменде қаражатты үнемдеу мақсатында қаланың орталық алаңына жаңа жылдық шырша орнатылды

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
1782
Өскеменде қаражатты үнемдеу мақсатында қаланың орталық алаңына жаңа жылдық шырша орнатылды

Өскеменде қаражатты үнемдеу мақсатында қаланың орталық алаңына жаңа жылдық шырша орнатылды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, желтоқсанда орманның ішіне қалың қар түсіп, онда жүк көлігімен өту қиындай түседі.

Ерболат Ошақбаев, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы:

Қыс уақытында барлық шыршаны безендіру жұмыстарын жүргізу өте қиынға соғады. Қарлы боранда оның барлығына экономикалық жағдайға байланысты келмейді, мүмкіншілігіміз жоқ. Сондықтан бұл жұмыстардың барлығын қазірден бастап өткізіп жатармыз.

Шыршаның биіктігі - 25 метр. Жақын арада жаңа жылдың басты нышаны былтырғы әшекей-бұйымдармен безендіріледі. Сондықтан жаңа жыл мерекесіне орай орталық алаңға кететін шығын 300 мың теңгеден сәл ғана асады. Өткен жылы да осынша ақша бөлінген. 

Абзал ҚҰРМАНКИН