$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Азаматтық авиация комитеті туристік компанияларды Мысырға жолдама сатуды шектеуге шақырды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
967
Азаматтық авиация комитеті туристік компанияларды Мысырға жолдама сатуды шектеуге шақырды

Мысырға  сапар шегу қауіпті. Еліміздің Азаматтық авиация комитеті туристік компанияларды бұдан былай Мысырға жолдама сатпауға шақырды. Ал әуе компанияларына рейстерді тоқтатқан дұрыс, дейді. Комитет «Когалымавиа» әуе кемесінің апатқа ұшырау себебі анықталғанын күтпекші. Өйткені Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Шарм-эль Шейх әуежайына ұшып-қону аса қауіпті деген хабарлама таратқан.

Қазіргі таңда Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды елдері Мысырға қатынауды тоқтатты. Еліміздегі туристік компаниялардың дерегінше, 2016 жылдың қаңтар айына дейін 800 жолдама сатылып кеткен. Ал Шарм-эль Шейхте қазір 233 отандасымыз бар. Олар 7 қарашада чартерлік рейспен жеткізілген. Енді белгіленген кестеге сай елге қайтады. Ал Қазақстанның туристік агенттік қаумдастығы, бұл жағдайды керісінше өз пайдамызға шешуге болар еді дегенді айтады. Яғни Қазақстан арқылы Ресей туристерін тасымалауды ұсынады. Мысырда жылына 3,5 млн ресейлік тынығады екен.

Денис Кривошеев, Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының өкілі:

Мысырға барғысы келетін ресейліктерді тасымалдауға болар еді. Мысырға жолдамалар өте арзан. Ресейде тиым салынғанын пайдаланып, туристерді Қазақстан арқылы жеткізуге болушы еді. Бірақ біз ойланып-толғанып жағдайды оңтайлы пайдаланбай, мүмкіндігімізді шектеп жатырмыз. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ