$524.24 €612.94 ₽6.68
×

А321 ұшағында таймерлі жарылғыш зат болған деген болжам бар

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
1015
А321 ұшағында таймерлі жарылғыш зат болған деген болжам бар

Мысырда апатқа ұшыраған А321 әуе кемесінің бортында екі сағатқа орнатылған таймерлі жарылғыш зат болған. Осындай ақпаратты оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеушілер деррекөзіне сілтеме жасап, «Фокс ньюс» телеарнасы таратты. 

Болжам бойынша, жарылғыш зат жанар-жағармай жүйесіне орнатылған. Тергеушілер бұл теорияны айғақ заттардың жоқтығы дәлелдейді деген. Десе де қорытынды нақты емес. Тергеушілері ұшақта техникалық ақаулар да болуы мүмкін дегенді жоққа шығармайды. Айтуларынша, бір байламға келу үшін қолдарында мәлімет жеткіліксіз.

Еске салсақ, Шарм-әл-Шейхтен Санкт-Петербургке бағыт алған ұшақ 31 қазанда апатқа ұшырап, 224 адам түгел қаза тапты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА