Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мұхтар Әбләзовтің ісі бойынша Ілияс Храпуновтың банк шоттарына тыйым салынды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
867
Мұхтар Әбләзовтің ісі бойынша Ілияс Храпуновтың банк шоттарына тыйым салынды

Ағылшын соты қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әбләзовтің күйеу баласы Ілияс Храпуновтың банктегі есеп-шоттарына тыйым салды. Бұл туралы банкке сілтеме жасап, Тенгри ньюс порталы хабарлады. БТА банктің шағымы бойынша сот Храпуновты банк шоттарындағы қаражатын басқару мүмкіндігінен айырып отыр. Оған Мұхтар Әбләзовке жақтасты деген айып тағылды. 


Еске салайық, Әбләзовке Қазақстан, Ресей және Украина үлкен көлемде қаржы жымқырды деген айып таққан болатын. Ал Қазақстан тарапы Ілияс Храпуновқа да халықаралық іздеу жариялаған еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ