$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Полицейлерден қашқан көлік дəріхана баспалдағына шығып кетті

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
1634
Полицейлерден қашқан көлік дəріхана баспалдағына шығып кетті

Қарағандыда полицейлерден қашқан жеңіл көлік дəріхананың кіре берісіне басып кірді. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, көлікте ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті болған. Автокөлік жүргізушісі мен күдікті "Арлан" арнайы бөлім қызметкерін қағып өтіп, қашып кетпек болады. Осының салдарынан арнайы бөлім қызметкері жараланып, ауруханаға түсті. Сақшылар көлік дөңгелегіне оқ атқан. Қашқан Мазда көлігінің жүргізушісі темір тұлпарын басқара алмай, дəріханаға соғылған. Қашқындар ұсталды. Ал, полицейлердің қару қолдануы қаншалықты заңды екенін прокурорлар тексеріп жатыр.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Күдікті мінген автокөліктің ізін кесу барысында "Арлан" арнайы мақсатындағы бөлініс қызметкерлері ҚР "Құқық қорғау қызметі" Заңының 61-бабына сәйкес, екі рет ескерту бойынша, көкке оқ атып, екі рет автокөлікті мәжбүрлеп тоқтату бойынша көліктің дөңгелегіне оқ атқан.

Айжан ҚУАШ