$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Астана» телеарнасында отандық телехикаяның тұсаукесері

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
3304
«Астана» телеарнасында отандық телехикаяның тұсаукесері

Жетім қыздың тағдыры, апалі-сіңілі қыздар арасындағы шиеленіскен интрига және махаббат жолындағы күрес. Мұның барлығы «Астана» телеарнасының төл туындысы «Жібек» телехикаясында! Дүйсенбі күні арнамыз жылдың басты оқиғасына айналатын телесериалдың көрсетілімін бастайды. Көп сериялы «Жібек» телетуындысының түсірілім алаңынан тілшіміздің бейнематериалы.

Телехикая Жібек есімді мына қыздың тағдыры туралы. Ауылда өскен бойжеткен үлкен қалаға оқуға түседі. Бұл уақытта ата-анасы жол апатынан опат болып, нағашы ағасының қарауында қалады. Дәл осы сәттен бастап нағашысының қыздары мен жеңгесі Жібектің қас жауына айналады.

Іш пыстыра қоймас, ана сенің жиен қарындасың. Мына келмей жатып, шаңырақтың астаң-кестеңін шығара жаздады. Оның маған еркелігінің бір тиынға да қажеті жоқ. 

Ең басты интрига осы үйдің үлкен қызы Мадинаның ғашығы Мирастың Жібекке сөз салуынан басталады. Қала өмірінен әбден шаршаған Мирас Жібекті бір көргеннен ұнатады. Ал бұл жағдай отқа май құйғанмен бірдей.

Мирастың рөлін Әбілмансұр Серіков сомдайды. Естеріңізде болса, бұл актер арнамызда өте жоғары рейтингтік көрсеткіштерді бағындырған «Вопреки всему» телехикаясында да ойнаған болатын. Ал «Жібек» телехикаясы өзіме көп нәрсені үйретті дейді ол.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Бұл өзі сүйген махабатына соңына дейін күреседі, соны айтқым келеді. Болады ғой өмірде, неше түрлі жағдайлар болып жатады. Әкесі айтса, туысқандары айтса. Ия деп, жақсы көрмесе де, келісе салады. Ал бұл қанша қиындық болса да, қаншама қыспаққа түссе де, ешқандай кедергілерге қарамай, өзінің махабатына соңына дейін күреседі.

Махаббаты үшін Жібек те күрескісі келеді. Бірақ соңында не болары әзірге құпия. Ал мынау телесериалда болатын ең басты тойдан көріністер. Мирас Жібекке үйлене ме, әлде байдың ерке тотайы - Мадинаға ма? Мұны дүйсенбі күні басталатын телехикаядан білесіз.

Айдын Сахаман, режиссер:

Актерларымыздың көбі барлығы десек болады профессионалды актер болғаннан кейін, біздің арамыздағы жұмыс өте ыңғайлы әрі тез. Түсінушілігіміз бір-бірімізбен өте жақсы, тез түсінеміз. Рольде жүрген әр актер өздерінің тапқан нәрселерімен бөліседі. Тапқан деталі, тапқан ойын мәнері бізге өте жақсы көмектеседі.

Әділжан Шомбалов, актер:

Мұндай кәсіби мамандармен жұмыс істеу Мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Сондықтанда түсірілім алаңында жүрген шығармашылық топқа көп-көп алғысымды айтқым келеді. Астана телеканалына дәл осындай мәселелерді көтеріп біздің өмірімізде болатын бар жәйт. Соған дайын болу керек екенін тағы да көрсеткісі келеді. Сондықтан сериал өзіме шын нитетімен ұнайды.

Көрерменге де ұнайтынына сеніміз мол. Мысалы міне, монтаждан кейінгі эмоциялар.

«Жібек» телехикаясы шынайы оқиға негізінде түсірілген. Сондықтан бұл сериал көрерменге ой салып, өмірдегі қиындықтарды жеңуге сеп болуы да бек мүмкін. Жаңа туынды «Астана» телеарнасында 16 қарашадан бастап, сағат 19.00-де бірден «Мадхубала» сериалынан кейін көрсетіледі. Ал жаңалықтардан кейін жалғасын көре аласыздар. Арнамыздағы үлкен премьераны өткізіп алмаңыз! 


Самат ҚАНАҒАТОВ