$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қазақстанда көлеңкелі экономика көлімі 1 жарым миллиард долларды құрайды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
1399
Қазақстанда көлеңкелі экономика көлімі 1 жарым миллиард долларды құрайды

Көлеңкелі экономиканың құны бір жарым миллиард долларды құрайды. Бұл жайлы Алматыда өткен 10-шы салық конференциясында Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары айтты. Жиналғандар көлеңкелі экономикамен күресудің жолдарын қарастырды. Қаңтарынан бастап қолданыстағы заңға әкімшілік өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік кіріс комитеті аясында кедендік және салық қызметі жаңа жүйеге көшпек. Атап айтсақ, сыртқы нарықпен жұмыс істейтін мекемелер өз транзакцияларын электронды түрде жүргізуі қажет. Сондай-ақ, салықтан жалтарып отырған холдингтер тексеріліп, сыртқы саудамен айналысатын компанияларға талап күшейеді. Комитет өкілдерінің айтуынша, қазір сыртқа саудамен айналысатын кәсіпкерлер бүгінде тұрақсыз компаниялармен жұмыс істеп жатыр.

Ғосман Амрин, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Қытайдан келетін импортты айтсақ, көбінше мынау киім, басқа нәрселер контрабандаға қолданатын. Оның импорты, ақшалай санасақ, 1 млрд доллар өткен жылы болды. Салмағы 200 мың тоннадан жоғары. Осы жылы ол төмендеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ