Атышулы
ЭКСПО ісіне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін Астанада қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «мемлекет қаржысын жымқырды» деп
айыпталған қылмыстық топтың 11 мүшесіне үкім кесті. Басты фигуранттардың бірі -
Қажымұрат Үсенов - 2 жылға бас бостандығынан
айрылды.
Усенова
Кажымурата Кантаевича признать виновным. В виде 2 лет лишения свободы, с конфискацией имущества, добытые преступным
путем или приобретенные на средства, добытые преступным путем.
Ұлттық
компанияның құрылыс департаментін басқарған Үсенов мемлекеттік қызмет пен
коммерциялық компанияларда басшылық қызмет атқару құқығынан да айрылды. Ол
жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Тағы бір айыпталушы құрылыс
фирмасының директоры Сейіт Сейітовке 5 жыл берілді. Оның да мүлкі тәркіленбек. Өзге 4 адамға 6 айдан 3
жылға дейін жаза кесілсе, бесеуіне қомақты айыппұл салынды.
Мұхтарима
Қарпанова, Р.Ақылбаевтың адвокаты:
Менің
қорғауымдағы Ренат Ақылбаевтың қылмысқа тікелей қатысы жоқ. Тек делдал болған.
Оған 6 айға абақтыға жабылу және бар мүлкін тәркілеу жазасы берілді. Бұл
үкіммен келіспейміз.
Атышулы
іс бойынша 23 адам айыпталған. Басты фигурант - «ЭКСПО-2017» компаниясының
жетекшісі Талғат Ермегияев - өзіне үкім шығарылатын күнді күтіп отыр. Оған
«мемлекеттің 10 млрд теңге қаржысын талан-таражға салды» деген айып тағылған.
Құралай ПИОНЕР