Парижде сойқан салғандарды
басқарған күдіктінің есімі жария болды.13 қарашада Франция астанасында болған
лаңкестік шабуылды Әбделхамид Абаауд басқарған, деп жазады "Рейтерс".
Ол Бельгияның тумасы. ДАИШ құрамындағы ең қаныпезер содырдың бірі көрінеді.
Сондай-ақ, полиция өз-өзін жарып жіберген жихадшылардың есімін жариялады. Олар:
Біләл Хадфи мен Ибрагим Абдеслам.
Еске салайық, Париждегі лаңкестік шабуылдан
132 адам қаза тауып, тағы 350-і жараланған. Қазір елде қауіпсіздік
шаралары күшейтілді. Францияның елшіліктері орналасқан әлемдегі түрлі қалаларда
қаза болғандарға арнап гүл шоқтарын әкеліп жатқандар қатары толастар емес. Ал
Мысырдағы Хеопс пирамидасы мен Иерусалимдегі ескі қала қабырғасы француз туының
түсіне енген. Ел премьері лаңкестер тағы
соққы жасауы мүмкін дейді.
Мануэль Вальс, Франция
премьер-министрі:
Бірнеше шабуылдың бетін
қайтарғанымызбен, террористер бәрібір соққы жасады. Ол тағы қайталануы мүмкін.
Ертең бе, келесі аптада ма - белгісіз. Адамдарды үрейлендіргім келмейді, әрине.
Бірақ олар да түсінуі тиіс. Ертең балалар сабаққа барады, қалыпты өмір қайта
басталады. Бірақ біз енді қорқынышпен күн кешеміз. Бәріне дайын болу керек.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ