"Елді
күрделі реформалар күтіп тұр". Ақордада «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдаған
Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Кездесу барысында Асқар Мырзахметов
Елбасыға Саяси кеңес Бюросының отырысында айтылған тапсырмалардың орындалу
барысы, сондай-ақ партияның негізгі бағдарламалары туралы баяндады.
Нұрсұлтан
Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердің көптігіне байланысты келесі жылы «Нұр
Отан» партиясын ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті. «Жыл басынан «100
нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісеміз. Осыған байланысты партияның
алдында өте үлкен міндет тұр», - деді
Президент.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Осындай
қиын кезеңде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Мұның бәрі
халықтың игілігі үшін жасалуда. Қазіргі жағдайдың қиын екеніне қарамастан,
реформаларды жүзеге асыру болашақтағы игіліктің негізін қалау үшін қажет.
Алдағы реформалар күрделілігі жағынан біздің 90-жылдардың басында жүргізген
реформаларымыздан кем түспейді. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына барша
түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ