$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Шымкентте жер телімі үшін кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу жайы қаралды

AstanaTV
08.06.2016ж. 20:00
6947
Шымкентте жер телімі үшін кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу жайы қаралды

Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы жер мәселесіне арналды. Жиында баспана салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу жайы да сөз болды. Қала бойынша 88 мыңдай адам жер кезегінде тұр. Оның жиырма екі мыңы соңғы екі аптада өтініш жазған. Алайда шаһарда бос жатқан жер жоқ,- дейді кеңес өкілдері. Ал бар жерге инфрақұрылым тарту қажет. Жергілікті билік өкілдері тығырықтан шығу үшін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет қажеттілігіне алуға болады,- дейді. Бірақ ол үшін Жер кодексіне ішінара өзгеріс енгізілуі қажет.

Қасымбек Сайлауов, Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің  басшысы:

Жер кодексінің 84 бабына осы кезекте тұрған азаматтарға ауыл шаруашылығын алып, одан кейін кезектілік мәселесін шешу үшін, бірінші кезекте Жер кодексінің осы тұрғын үй мәселесін шешу үшін, осы жағдайды ерекше жағдайлар қатарына жатқызу керек болып тұр. Сол себептен қазір хат дайындалды, осы жақын арада хат жолданатын болады.

Ауыл шаруашылық мақсатында алынған жерлерін пайдаланбай отырғандар енді салықты он есеге дейін артық төлейді. Жиналғандар 1600 гектардай жер бос жатыр дейді. Ал жаңа бас жоспарға сай қалаға қосылған бірқатар ауданда ауыл шаруашылық жерлері халыққа заңсыз таратылған. Кеңес мүшелері заңсыздыққа жол бергендер жауапқа тартылуы  тиіс деп санайды.

Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

1800 гектардай жерді заңсыз беріп жіберген жағдайлар орын алып отыр. Ол 1800 га - ол 15 мың шешім, 15 мың участок. 15 мың участок - ол 15 мың отбасының үйі. Ол деген 100 мыңға жуық біздің азаматтардың мәселесі қаралғанда, мынау жергілікті сол жердегі әкімдердің, жер комиссияларының мүшелерінің заңсыз істеген іс-әрекеттері деп санаймын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ