Қарағандыда
жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Қоғамдық көлікте 20 шақты жолаушы болған,
олар дін аман, арасында түрлі жарақатпен
ауруханаға түскендері бар. Жол апаты Октябрь ауданында таңертеңгі
сағат 9-дар шамасында болған. «Ман» маркалы автобус тайғанап барып жол
жиегіндегі ағашқа соғылған. Қазір
оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ольга
Питунина, зардап шегуші:
Адамдар
айқайлап, «есікті ашыңдар» десті. Құлап түстім, ары қарай не болғаны есімде
жоқ. Бәрі жүргізушінің қатты жылдамдықпен жүргенінен болды.
Хабидолла
Ескендір, Қарағанды қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі:
Негізі
көктайғақ болған жоқ. Жол қызметтері жұмыс істеп тұрған. Қазірдің өзінде қар
еріп жатыр. Жүргізушінің қандай жылдамдықпен жүргенін біздің диспетчерлік бөлім
анықтайды.
Ал жарақат алған 6 жолаушы ауруханада ем
алып жатыр. Олардың арасында автобустың
23 жастағы жүргізушісі де бар.
Ғалым
Қалтаев, №1 аурухананың амбулаторлық
хирургия және травматология орталығы меңгерушісі:
Екі
әйел жатқыздық, бас миы шайқалуының жеңіл түрі. Үшіншісі - шат сүйегінің жабық
жарақаты. Қалған үш науқасты амбулаторлық көмек көрсетеміз. Олардың денелері
көп жері сызылған, соғылған, және көгерген жерлері бар.
Айжан ҚУАШ