$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Еліміздің барлық Қарулы күштері қорытынды тексеруден өтеді

AstanaTV
16.11.2015ж. 20:00
923
Еліміздің барлық Қарулы күштері қорытынды тексеруден өтеді

Еліміздегі Қарулы күштер жіті тексеруден өтеді. Нәтижесі бойынша ең үздік әскери бөлімдер анықталмақ,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тексеруге қатардағы жауынгерден бастап генералдарға дейін түгел тартылады. Әрбір әскери қызметші үйреніп-білгенін көрсетуге міндетті. Оқ ату даярлығы, әскери көлік жүргізу машықтары сыналып, құқықтық білімі тексеріледі. Қорытынды тексеру қараша айының соңына дейін жүргізілмек.  Сондай-ақ, өндірісте қайғылы оқиғаларды болдырмаудың жаңа тәсілдері іздестіріледі. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қару-жарақ қалдықтарын жою үшін роботты техниканы пайдалану керек деген пәрмен берді. Яғни адами ресурсты қолдануды барынша азайту көзделген.

Мұндай шара Арыс қаласы маңындағы полигонда болған қайғылы оқиғадан кейін қолға алынды. Еске салсақ, 8 қарашада «Қазтехнология» серіктестігі полигонында әскери қару-жарақ қалдықтарын жою кезінде "Жою орталығының" маманы  Ермұрат Иманқұлов қаза тапқан еді. Қазір бұл іске байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА