$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қомақты қаржыға жер сатып алған азамат алданып қалды

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1716
Қомақты қаржыға жер сатып алған азамат алданып қалды

Алматы облысында қомақты қаржыға жер телімін сатып алған азамат екі жылдан бері оны заңдастыра алмай жүр. Қайрат Мұстафиннің айтуынша, банкте кепілде тұрған жерді аукцион арқылы 29 млн теңгеге алған. Бірақ Жаңа Шамалған елді мекеніндегі жерді бұрынғы қожайыны осы күнге дейін босатпай отыр, - дейді ол. Банк алдындағы берешегі үшін жерінен айырылған меншік иесі бұл аумақта көмір сататын орын ашып, кәсібін қыздырып отырған көрінеді.

Қайрат Мұстафин, Алматы облысының тұрғыны:

Қаражатты төлеген соң, сот орындаушысымен келісім-шартқа отырып, құжаттардың түпнұсқасын қолыма алдым. Қарасай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, рәсімдемек болған едім. Жерді кепілге қойып қаржы алған борышкерлер мені сотқа беріп, жерді бермей отыр.

Даулы жерді иемденіп отырған азаматтар бізбен тілдесуден бас тартты. Таласқа түскен жер теліміне орай бірнеше рет аудандық, облыстық, апелляциялық, тіпті кассациялық сот процестері  өткен. Оның барлығында бұрынғы меншік иесінің шағымы қанағаттандырылды, - дейді сергелдеңге түскен азамат. Жуырда Жоғарғы сот істі қайтадан Қарасай аудандық сотының қарауына жіберіпті. Құзырлы органдардың пәрменімен пайдалануға тиым салынған жер телімін бұрынғы иесінің не үшін кәсіпкерлік мақсатқа пайдаланып отырғанын прокуратура өкілі былай түсіндіреді.

Арайлым Жанатқызы, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі:

Егер іс сотта қаралып жатса, қандайда бір құзіретті органмен немесе басқа да органдардың оған араласуға құқығы жоқ. Яғни қазіргі уақытта біз соттың шешімін күтеміз. Сот қандай шешім шығарады. Соның заңдылығын шығарып, содан кейін ғана біз қандай да бір жауап береміз.