$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Қазақстанда соңғы бес жылда есірткі тұтынушылар саны 31 пайызға төмендеген

AstanaTV
16.11.2015ж. 20:00
1102
Қазақстанда соңғы бес жылда есірткі тұтынушылар саны 31 пайызға төмендеген

Қазақстанда соңғы бес жылда есірткі тұтынушылар саны 31 пайызға төмендеді. Әсіресе жастар арасында бұл дерттің азайғаны байқалады. Құқық қорғау органдарында есірткіге әуес 668 жасөспірім тіркелген.

Мұндай дерек, Астана әкімдігі ұйымдастырған "Өз өміріңді көркемде" акциясында айтылды. Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті бастығының айтуынша, нашақорлардың азаюы, есірткі заттарын дер кезінде тәркілеумен тікелей байланысты. Жылына шамамен 25 тоннадай есірткі алынса, биыл бұл көрсеткіш 94 тоннаға жеткен. Шараға мыңға жуық студент қатысты. Акцияны белгілі спортшылар Илья Ильин мен Анна Алябьева қолдады. Жастарға есірткіден аулақ болу, әрі салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы:

Құқық қорғаушылардың жедел әрекеті нашақорлықтың алдын-алуда орасан роль атқаруда. Есірткі пайдалану ірі қалаларда, әсіресе Алматы, Астана және Қарағандыда жиі кездеседі. Қазір осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр.  

Жұрағат БАМАН 


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық