$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Ақмола өңірінің диқандары астық жинау науқанын сәтті аяқтады

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1330
Ақмола өңірінің диқандары астық жинау науқанын сәтті аяқтады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру есебінен Ақмола облысында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 5 мыңдайы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлімдеді.

Сондай-ақ өңір басшысының айтуынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл Ақмола өңірінің диқандары астық жинау науқанын сәтті аяқтаған. Облыста бас-аяғы  бес миллион тоннаға жуық дәнді дақыл жиналды. Мұндай жағымды тенденция аймақта үшінші жыл қатарынан тұрақты түрде сақталып келеді. Брифинг барысында  жалпы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы жан-жақты сөз болды. 

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:

Биыл ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 16,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Осының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің  көлемі ұлғайды. Ол 228 миллиард теңгені құрап отыр. Жиналған астықтың 84 пайызы жоғары сұрыпты. Қазір ішкі нарықты толық қамтамасыз ете аламыз. Әрі артылған өнімді экспортқа шығармақпыз.

Жұрағат БАМАН