$520.93 €609.07 ₽6.68
×

АҚШ дәрігерлері тұңғыш рет бет-әлпетті алмастыру отасын жасады

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1072
АҚШ дәрігерлері тұңғыш рет бет-әлпетті алмастыру отасын жасады

АҚШ дәрігерлері тұңғыш рет бет-әлпетті алмастыру отасын жасады. 26 сағатқа созылған операция сәтті өткен. Нәтижесінде 41 жастағы Патрик Хардисонның түрі толықтай өзгерді. Бұл Патриктің отаға дейінгі бет әлпеті. 14 жыл бұрын әйел адамды өрттен құтқарамын деп ол осындай күйге түскен. Көру мүмкіндігінен де біршама айрылған еді.

Оташы Эдуардо Родригезтің айтуынша, осы кезге дейін науқасқа 70-тен аса ота жасалды. Алайда ешбірі оң нәтиже бермеген. Кейін 26 жастағы Нью-Йорк тұрғыны донор болуға келіседі. Жас суретші 1 жыл бұрын қайтыс болған. Оның бет әлпеті Патрик Хардисонға 100 пайыз сәйкес келді. Ота кезінде дәрігерлер науқастың  бас сүйегін шамалы өзгерткен. Алдағы уақытта Хардисонның көру қабілеті де біртіндеп қалпына келеді, деген үміт бар.